Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Головкин мен "Канело" кездесуі өтпей қалуы мүмкін. Бұл басқа боксшыларға белбеуге таласуға мүмкіндік береді - Деревянченко
Сергей Деревянченко. Сурет: instantboxing.com
"Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы, қазіргі уақытта орта салмақтағы IBF белбеуінің міндетті қарсыласы Сергей Деревянченко Сауль "Канело" Альварестің допингпен ұсталғанына байланысты пікірін білдірді.
"Мен "Канелоның" допинг қолданбадым, таза спорт үшін деген сұқбатын оқыдым. Менің ойымша, енді екінші жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін. Бұл IBF, WBC және басқа белбеуге үміткер боксшылар үшін жақсы жаңалық болады. Өйткені, олардың белбеуге таласатын мүмкіндігі пайда болды", - дейді Деревянченко.
Еске салайық, Альварес Головкинмен екінші кездесудің өтуіне екі ай қалғанда допингпен ұсталған болатын. Оның допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған. Кейін оның қанына екінші рет те допинг табылды.
Өз кезегінде Головкиннің бапкері Абель Санчес "Альварестің ісі" әділ жүріп жатқан жоқ деп күмәнданды. Оны қазіргі уақытта Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) жүргізіп жатыр. Бапкер NSAC комиссиясының "Канело" тарапына бірінші рет жеңілдік жасап отырмағанын айтады.
Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр. WBC президентінің айтуынша, екінші кездесудің өтуіне ешнәрсе кедергі келтірмейді екен.
Жарнама