auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сауль "Канело" Альварес допингпен ұсталды

Сауль "Канело" Альварес допингпен ұсталды
© Las Vegas Review Journal
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында допинг-сынақтан өте алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл мәліметті Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы растады. Компания бұл туралы БАҚ-тарға ресми мәлімдеме жасаған. Мәтін BoxingScene басылымында жарияланды.

Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.

Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады, дәл осындай жолмен соңғы кездері ондаған спортшының ағзасына кленбутерол еніп кеткен. Мұны Солт-Лейк-Ситидегі SMRTL зертханасының директоры Дэниэль Айкнер де растап отыр.

Альварес допинг-сынақтан өте алмағаны жайлы промоутер Том Леффлерге және Невада штатының Атлеттер комиссиясына хабарлаған, себебі бұл ұйым Лас-Вегастағы жекпе-жекті ұйымдастыруға жауапты.

Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің соңғы 12 жекпе-жегі бойы VADA допинн-сынамасынан өтуді міндет санағаны және ешқашан ереже бұзу бойынша күдікке ілінбегені айтылады. Алдағы уақытта ол жаттығу лагерін Мексикадан АҚШ-қа ауыстырып, жекпе-жекке дейін де, кейін де қажетті допинг-сынама тапсыруға дайын екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама