auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің бапкері алаяқтық үшін жанкүйерлерді "Канелоның" жекпе-жектеріне байкот жариялауға шақырды

Головкиннің бапкері алаяқтық үшін жанкүйерлерді "Канелоның" жекпе-жектеріне байкот жариялауға шақырды
Сауль Альварес. Сурет: boxingscene.com
ОРта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес жанкүйерлерді мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы кездесуге байкот жариялауға шақырды. 

Бапкердің айтуынша, "Канело" бірінші кездесудің алдында Головкинді нокаутқа түсіремін деп уәде беріп, бірақ жекпе-жек кезінде 12 раунд бойын қашып жүрген екен. Санчес екінші кездесуде де Альварес қашып жүретін болса, онда алдағы кездесулерде жанкүйерлерді байкот жариялауға шақырды. 

"Канело" бұл жолы да Головкинді нокаутқа түсіремін деп уәде беріп, төрешілердің керек емес екенін айтты. Егер ол тағы да көпшілікті алдап, уәде бергеніндей жұдырықтаспайтын болса, жанкүйерлер енді оның кездесулер көрмеуге құқығы бар деп есептеймін. Ол кез-келген нәрсені айта бермей, сөзінде тұратын адам болуы керек. 

Сауль шынымен Головкинді нокаутқа түсіруге ниетті болса, біз керемет кездесуге куә боламыз. Өйткені, олар қашпай, жақыр арада жұдырықтасады. Техинкаларын көрсетіп, ақылмен қимылдап, қарсыласын қапы қалдыру үшін жұмыс істейді. Әрине, мұндай жағдайда бір боксшының нокаутқа түсетінін белгілі. 

Егер "Канело" ашық жұдырықтасатын болса, Геннадий оны нокаутқа түсіреді. Сол кезде мен оны сыйлайтын боламын. Бірақ менің ойымша, Сауль 12 раудқа шыдай алмайды. Ол тағы қаша беретін болса, онда бірінші кездесудің сценарийі қайталанады", - дейді Санчес BoxingScene.com порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Жекпе-жекке билет құны 300 (96 000 теңге) -5000 (1 600 000 теңге) доллар аралығында бағаланды. НВО арнасы ақылы трансляция жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама