auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин "Канеломен" бірінші кездесуге дайын болмағаны туралы шындықты айтты

Головкин "Канеломен" бірінші кездесуге дайын болмағаны туралы шындықты айтты
©: REX/Shutterstock
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBFтұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Yahoo! Sports порталының шолушысы Кевин Айолиге берген сұқбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткен бірінші кездесуге дайын болмағанын айтты. 

Екі боксшы өткен жылдың қыркүйек айында Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде кездесіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша тең түскен болатын. Енді бұл боксшылар арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста 5-мамыр күні өтеді. 

"Бірінші кездесудің алдында "Канело" маған нағыз мексикалық стильдің қандай болатынын көрсететінін айтты. Бірақ оның орнына ол рингте қашып жүрді. Бұл мені шамалы таңғалдырды. Мүмкін мен әр раундқа дайын болмаған шығармын. Жекпе-жектің бірінші бөлігіне дайын болдым. Бірақ екінші бөлігіне дайын болмадым. Енді мен екінші бөлімінде көбірек драма мен экшн көрсететінімді білемін. Бірінші жекпе-жекке 100 пайыз дайын болмадым. Ал енді дайынмын. 

Не үшін бүйірден аз соққы жасадым дейсіз бе? Өйткені, "Канело" үнемі қимылдап, бір орында тұрмады. Мен де оның алдында тұрмадым. Оған соққымды өткізу қиын болды. 

Лас-Вегасқа қайта оралу мен үшін проблемма емес. Себебі, бұл бокс. Ал мен боксшымын. Бірінші жекпе-жек есімде. Қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Мен өзімді, өз командамды және мені қолдайтын адамдарды білемін. Бірінші кездесуде кімнің жеңгенін барлығы біледі", - дейді Головкин. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама