auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинмен жұдырықтасқысы келген боксшы WBSS жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Головкинмен жұдырықтасқысы келген боксшы WBSS жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Фото Reuters©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келіп жүрген британдық Крис Юбенк (кішісі) WBSS жобасының жартылай финалында отандасы Джордж Гроувздан жеңілді.

Манчестерде өткен Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS жобасы) жартылай финалында жұдырықтасқан Крис Юбенк (кішісі) пен Джордж Гроувз жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер 117:112, 116:112, 115:113 есебімен Джордждың жеңіске жеткенін хабарлады.



Крис Юбенк (кішісі) екінші орта салмақта төртінші кездесуін өткізді. Ол бұл салмақ дәрежесіне 2017 жылдың басында ауысқан еді. Тіпті қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге шақ қалған. Қос тарап келісімге келе алмаған-ды. Боксшы бұл жекпе-жектің өтпей қалғанына промоутер Эдди Хирнді кінәлайды.

29 жастағы Джордж Гроувз мансабындағы 28-ші жеңісіне қол жеткізді. Үш рет жеңілген. 2014 жылы бұл боксшы Геннадий Головкиннің спарринг қарсыласы да болған.

Финалда Джордж Гроувз британдық Каллум Смит пен неміс Юрген Бремер арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Бұл жекпе-жек 24 ақпан күні Нюрнбергте өтеді.

Айта кетейік, WBSS жобасының жүлде қоры – 50 миллион доллар. Жеңімпаз Мұхамед Әли атындағы арнайы кубокпен бірге 10 миллион долларға ие болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама