Қазақстандық боксшы
Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады. АҚШ-тың Невада штатындағы Ринода өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық
Ноэль Эскуэданы жеңді.
24 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Сағадат өткен жылдың күзінен бастап АҚШ-та
Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және
Асхат Уәлихановпен бірге жаттығу жұмыстарын жүргізді.
Қазақстандық боксшы әуесқой бокста 69 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасты. 2013 жылы ел чемпионы атанды. Араға бір жыл сала күміс жүлдені жеңіп алды.
Жарнама