Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Гонсалес "Канело" мен Головкин арасындағы бокс кешінде өнер көрсету үшін екі жақсы ұсыныстан бас тартты

Бокс кеші 5 мамыр күні өтеді.


Роман Гонсалес. Сурет: Sky Sports
Роман Гонсалес. Сурет: Sky Sports
Төрт салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы және P4P рейтингінде бұрын көшбасшы болған Роман Гонсалес (46-2, 38 КО) шаршы алаңға мамыр айында оралуы мүмкін. Бұл туралы боксшының менеджері Карлос Бландон  айтты. 

Бұған дейін Гонсалестің 5 мамыр күні НВО арнасы тікелей эфирде көртетін орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін деген хабар тараған болатын. 

Бландонның айтуынша, олар мамыр айындағы бокс кешіне қатысу үшін екі бірдей жақсы ұсыныстан бас тартыпты. 

"Біз екі бірдей жақсы ұсыныс алдық. Оның бірі Superfly 2 шоуында (24-ақпан), екіншісі сәуір айында. Біз бұл екі ұсыныстан да бас тарттық. Өйткені, бұл біздің қалағанымыз емес. Бізге Халид Яфай және Рунгвисаи шінші рет кездесуді ұсынды. Егер бұл ұсыныс кейінірек түсетін болса, біз қабылдайтын едік. Бірақ қазір емес. Біз Романның шаршы алаңнан чемпион болып кеткенін қалаймыз", - дейді менеджер La Prensa басылымына берген сұқбатында. 

Менеджердің айтуынша, олар Гонсалестің 5 мамыр күні шаршы алаңға шығатынына байланысты келісімге келіп қойыпты. Оның қарсыласы мексикалық боксшы болуы мүмкін. Бірақ барлығы жекпе-жектің қайда өтетініне байланысты болады. 

Еске салайық, Гонсалес 2017 жылы екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалды. Наурыз айында ол екінші жеңіл салмақта WBC белбеуі үшін өткен кездесуде тайландтық Срисакет Сор Рунгвисаидан (44-4-1, 40 КО) жеңілсе, кейін қыркүйек айында ол тайландтық боксшыдан екінші рет жеңілді. 




  Пікір: 0
  0