Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Отандасымыздан қорқып шаршы алаңға шықпаған америкалық өмір бойы бокстан шеттетілді

Жекпе-жек 28 қаңтар күні Флоридада өтуі керек еді.

Арман Рысбек. Сурет "Астана арландары" клубының ресми сайтынан алынды.
0 пікір
971
30 қаңтар 15:19
Арман Рысбектің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін болдырмай қойған америкалық Хаким Аткинсон бокстан шеттетіледі. Бұл туралы Vesti.kz порталына қазақстандық боксшының менеджері Фархад Шарипов айтып берді. 

Жекпе-жек АҚШ-та 28 қаңтар күні өтуі керек еді. Бірақ Рысбектің қарсыласы, 24 жастағы Хаким Аткинсон (2-9, 1 КО) кездесуге келмей қойды. 

- Аткинсон қорқып қалды. Басқа айтарым жоқ. Арман - қарымды қарсылас. Енді басқа, мықтырақ қарсылас қарастыратын боламыз", - дейді Шарипов. 

- Америкалық боксшы неден қорқып қалды? Нокаутқа түсіп қаламын деп пе? Ол жекпе-жек үшін сыйақысын алып қойды ма?

- Иә, ол сыйақыны алды. Шынында нокаутқа түсіп қаламын деп қорқып кетті ол. 

- Енді ол қандай жазаға тартылуы мүмкін?

- Оны өмір бойы бокстан шеттетті. Енді ол мүлде жұдырықтаса алмайды. Басқа қалаларды нақты білмеймін, бірақ ол Флоридада жекпе-жек мүлде өткізе алмайды. 

- Ал 17 ақпанға жоспарланған жекпе-жек өтеді ме?

- Иә. Қазір қарсылас іздестіріп жатырмыз.

Еске салайық, Бүкіләлемдік бокс сериясында "Астана арландары" клубы сапында чемпион болған Арман Рысбек өткен жылдың соңында кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Ол негізі 28 қаңтар күні кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізу керек еді. Бірақ қарсыластың келмей қалуына байланысты, отандасымыздың бірінші кездесуі өтпей қалды. 











Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
971
30 қаңтар 15:19
Новости