auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық боксшымен жұдырықтасады

Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық боксшымен жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне 16 ақпанда шығады. Қарсыласы – америкалық Ноэль Эскеда (8-6-2, 6 КО), - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сағадат Рахманқұлов шаршы алаңға шығатын бокс кеші АҚШ-тың Рино қаласында өтеді. Салмақ дәрежесі мен қанша раундқа созылатыны туралы хабарланған жоқ. Алғашқы жекпе-жектер көбіне төрт раундқа созылады.

Қазақстандық боксшы әуесқой бокста 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. 2013 жылы ел чемпионатында топ жарды. 2014 жылы күміс жүлдегер атанды.

Құрметті ағайын, кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласым анықталды. Бұйырса, Ноэль Эскуэдо деген америкалық боксшы. Кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, тек екеуінде ғана жеңіліпті. Статистикасынан-ақ көруге болады, мықты боксшы. Дегенмен де мен бұл кездесуге жақсылап дайындалып жатырмын. Бұйырса, сенімдеріңізді ақтап, жеңіске жетемін. Жекпе-жек 16 ақпан күні Невада штатының Рено қаласында өтеді. Сәттілік тілеп қойыңыздар, ағайын!

Публикация от Rakhmankul Sagadat (@rakhmankulsagadat)



Сағадаттың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы жайлы аз-кем айта кетер болсақ, америкалық боксшы осал емес. 2010 жылдан бері кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізген. 8 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген. 2 кездесуінде қарсыласымен тең түскен.

Ноэль Эскеданың жарқын жетістігінің бірі – отандасы Де Лориен Каравейді жеңген. Ал бұл боксшы бірінші жартылай орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордтың спарринг қарсыласы болған.

Ринодағы бокс кешін Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр. Боб Арум басшылығындағы бұл компанияда қазір Василий Ломаченко (9-1, 7 КО) мен Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) сынды боксшылар бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама