Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Екінші кездесу Головкин үшін де, Альварес үшін де пайдалы - WBC президенті

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу мамырда өтуі мүмкін.


©:Metro
©:Metro
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу екі боксшы үшін де пайдалы екенін айтты. 

"Қазір олар келіссөз жүргізіп жатқанын білемін. Бұл жекпе-жек екі боксшыға да өздері қалап жүрген ақша түсіретін кездесу. Бұдан басқа қазір ешқандай жекпе-жек көп ақша түсіре алмайды. Оның үстіне бұл кездесуді күллі әлем күтіп отыр", - дейді Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегас қаласында өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша отандасымыз өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалды.

Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні өтуі әбден мүмкін. Жекпе-жектің өтетін орны әлі нақты белгіленген жоқ. Кездесуді қабылдауға олардың бірінші жекпе-жегі өткен Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінің мүмкіндігі зор. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуде T-Mobile Arena спорт кешешінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатты. Ал жалпы кездесудің билеттерінің табысын бұл жекпе-жек бокс тарихында үшінші орынға жайғасты. Daily Mail порталының мәліметі бойынша, бұл кездесу үшін қазақстандық боксшы 25 миллион долар табыс тапса, мексикалық одан 10 миллион көп табыс тапқан. 







  Пікір: 0
  0