Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қанат Ислам WBA белбеуі чемпионының міндетті қарсыласы атануға мүмкіндік беретін жекпе-жектен бас тартты

Бұл мәселеге қатысты WBA ұйымы ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.


Қанат Ислам. Сурет боксшының командасынан алынды.
Қанат Ислам. Сурет боксшының командасынан алынды.
Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) осы салмақта WBA белбеуінің чемпионының міндетті қарсыласы болуы үшін өтуі керек болған америкалық боксшы Джон Верамен (18-0, 11 КО) кездесуден бас тартты. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне америкалық боксшының командасының өкілі айтып берді. 

Дереккөздің айтуынша, Қанат Исламның командасына барлық сұраған қаржыны беруге дайын болған екен. Бірақ қазақстандық боксшы сонда да бұл ұсынысты қабылдамапты. Дегенмен де Қанат Исламның нақты не себептен жекпе-жектен бас тартқаны туралы ештеме айтылмады. 

Қазір Вераның командасы Қанат Ислам рейтингінде бірінші тұрған WBA шешімін күтіп отыр екен. Еске салайық, 21 қараша күні ұйым екі боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға бір ай уақыт берген болатын. Қай жеңгені осы салмақтағы суперчемпионы Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсыласы атанатыны туралы да айтылған. 

Ал бұған дейін Вераның командасы Қанат Исламның командасымен келіссөз басталғаны туралы хабарлаған еді. Өз кезегінде қазақстандық боксшы да жуық арада екі кездесу өткізетінін айтты. Оның бірі жуық арада АҚШ-та өтсе, екіншісі мамыр айында Астана қаласында өтетінін хабарлады. 

  Пікір: 0
  0