auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің бапкері екінші кездесуде "Канелоның бір ғана басымдығы болатынын айтты

Головкиннің бапкері екінші кездесуде "Канелоның бір ғана басымдығы болатынын айтты
Абель Санчес. Сурет: Bad Left Hook
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бас бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының жаттығу залына келетін уақытты асыға күтіп жүргенін айтып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші кездесуі туралы ойымен бөлісті. 

"Біз Головкиннің жаттығу залына келетін уақытты асыға күтіп жүрміз. Оның залда жүрген кезі барлығымыз үшін қуанышты. Өйткені, ол залдағы барлық жігіттер үшін жаттықтырушы секілді. Барлық боксшылар еңбектеніп, Головкинге мықты екендерін көрсеткісі келеді.  Том Леффлер (Головкиннің промоутері) мен Golden Boy ("Канелоның" промоутері) тезірек келісімге келіп, боксшыларды залға жуық арада келеді деп сенемін. Себебі, екі боксшы да жаттығу жасамағаны біраз болып қалды. Екінші кездесуде Головкиннің жалғыз басымдығы - оның жасы ғана болмақ. Ол жастау. Бірақ Головкиннің тәжірибелі боксшы. Оның үстіне әуесқой бокста жинаған тәжірибесі де бар. Бұл үзіліс Головкин үшін қиындық туғызбайды деп сенемін. Жуық арада ол бабына келіп алады", - дейді Санчес BoxingScene.com порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Альварес жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті. Мексикалық боксшы екінші кездесуді ұйымдастыру үшін командасына рұқсат беріп қойды. 

Бұған дейін Fox Deportes порталы екі боксшының командалары екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келісімге келіп қойғанын хабарлады. Порталдың мәліметі бойынша, "Канело" мен Головкин арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Синко де Майо мерекесінде өтеді екен. 

Дегенмен жекпе-жектің қай жерде өтетіні әлі белгісіз. Кездесуді қабылдауға үміткер кешендердің ішінде Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінің мүмкіндігі жоғары екен. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама