auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам WBA рейтингінде бірінші орында келеді

Қанат Ислам WBA рейтингінде бірінші орында келеді
Expo2017culture.kz
Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат "Qazaq" Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде көш бастап келеді.

WBA барлық салмақ дәрежелері бойынша рейтингті жаңартты. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат көш тізгінін сақтап қалды.

WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық атағына ие отандасымыз 2017 жылдың қазан айынан бастап бірінші орында келеді. "Qazaq" бақ сынайтын салмақта WBA cуперчемпиондық атағы кубалық Эрисланди Лараға, ал тұрақты чемпиондық атақ аргентиналық Карлос Брайан Кастаньо еншісінде. Ал үздік рейтинг үштігінде Қанаттан кейін америкалық Джон Вера мен француз Мичел Соро орналасқан.

Айта кетейік, қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалған-ды.

Жаңарған WBA рейтингінде бірінші ауыр салмақта Иса Ақбербаев 10-орында тұр. Жартылай орта салмақта Жанқош Тұраров 12-орында болса, жеңілірек салмақта Жанат Жақиянов 5-орында келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама