UFC ринг шолушысы Брюс Баффер аралас жекпе-жек ережесі бойынша ұйымның чемпионы Конор МакГрегор мен бокстан бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо арасында кездесу мүмкіндігі жайлы сөз етті, - деп хабарлайды "Спорт Экспресс". Оның ойынша, бұл жекпе-жектің өтуі әбден мүмкін.
Осыған дейін филиппиндік боксшының промоутері Боб Арум ирландиялық файтермен жекпе-жек өтеді деген мәліметті жоққа шығарған еді.
"Боксшының октагонда МакГрегормен айқасын көру қызық болар еді. Бұл жекпе-жектен қомақты табыс табуға болады. Соңғы жарты жылда Мэннидің кейбір достары маған хабарласып былай деп өтінді: "Конордың менеджерлерімен сөйлесе аласың ба?". Мен былай деп жауа бердім: "Сіздер кімге хабарласу керектігін білесіздер - қажетті адамдарға хабарласыңыздар", - деді Баффер.
Еске салайық, 27 тамызда МакГрегор бок ережесі бойынша шаршы алаңда америкалық Флойд Мейвезерден жеңіліп қалған еді. UFC спортшысының табысы бейреми деректер бойынша 100 миллион доллардан асып кеткен.
Жарнама