auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Батыр Жүкембаев қазақстандық боксшылардың P4P рейтингінде үздік үштікке жақындады

Батыр Жүкембаев қазақстандық боксшылардың P4P рейтингінде үздік үштікке жақындады
Батыр Жүкембаев. © Vincent Ethier/EOTTM
Бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Батыр Жүкембаев (11-0, 9 КО) BoxRec нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound, P4P) қазақстандық үздік боксшылар рейтингінде үштікке жақындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы Жүкембаев 16 желтоқсанда Канаданың Лавале қаласындағы Place Bell аренасында өнер көрсетті. Сол кештің басты жекпе-жегінде канадалық Давид Лемье (38-4, 33 КО) мен орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) жұдырықтасқан еді.

Қазақстандық боксшының қарсыласы 22 жастағы америкалық Уилберт Лопес болды. Боксшылар сегіз раундты толығымен өткізіп, бірауыздан төрешілер шешімі бойынша Жүкембаев жеңімпаз атанды.

Осының арқасында Жүкембаев BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінде жеті орын көтеріліп, төртінші орынға табан тіреді. Бұл тізімде көш бастап тұрған Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО), Қанат Ислам (25-0, 20 КО) және үздік үштікте Жанат Жақиянов (27-2-0, 18 КО) тұр.

Сонымен қатар, ұлыбританиялық журналист Деклан Тэйлор Жүкембаевқа лақап ат қойды, ал оның әріптесі The Ring журналының тілшісі Дуглас Фишер қазақстандық боксшының жұдырықтасуына тәнті болды.

BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінің үздік он боксшы:

1. Геннадий Головкин (орта салмақ)
2. Қанат Ислам (бірінші орта салмақ)
3. Жанат Жақиянов (аса жеңіл салмақ)
4. Батыр Жүкембаев (бірінші жартылай орта салмақ)
5. Жанқош Тұраров (жартылай орта салмақ)
6. Бекман Сойлыбаев (екінші жартылай жеңіл салмақ)
7. Иса Ақбербаев (бірінші ауыр салмақ)
8. Али Ахмедов (жартылай ауыр салмақ)
9. Бахтияр Эюбов (жартылай орта салмақ)
10. Айдар Шәрібаев (жеңіл салмақ).
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама