auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин қазірше ұлы боксшы емес, бірақ бокстың құрмет залына кіруге лайықты - BoxingScene сарапшысы

Головкин қазірше ұлы боксшы емес, бірақ бокстың құрмет залына кіруге лайықты - BoxingScene сарапшысы
Танымал BoxingScene.com порталының сарапшысы Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) әлем боксында қандай орынға ие екенін айтып берді. 

35 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 38 кездесу өткізіп, жеңіліп көрмеді. 33 кездесуінде қарсыластарын нокаутқа түсірді. Қазақстандық боксшы 37 кездесуден тұратын жеңістер сериясын қыркүйек айында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізген кездесуде тоқтатты. Лас-Вегас қаласында өткен бұл кездесу тең аяқталған болатын. Дегенмен де отандасымыз орта салмақтағы боксшылар арасындағы ең үздік нокаутдшы. Осының арқасында да ол Гиннестің рекордтар кітабына қосылды. 

"Головкин қазірдің өзінде құрмет залында. Ол көпшілік жасай алмайтын дүниені жасады. Барлық белбеулерді біріктірді. Сонымен қатар ол 20-рет белбеуін қорғауға жақын. Оның үстіне көпшілік оны "Канелодан" үстем түсті деп жатыр. Головкин қазір әлемнің ұлы боксшысы болмаса да, сөзсіз құрмет залына кіруге лайықты. Шаршы алаңға көбірек шықса екен. Өйткені, жас боксшылар қазір оның арқасында тығылып жүр", - деп жазады автор. 

Айта кетейік, Головкин өзінің келесі кездесуін 2018 жылдың 5 мамырында "Канеломен" кездесуі мүмкін. Осы аптада екі боксшының командалары жекпе-жек туралы келіссөз өткізеді. Егер "Канело" кездесуден бас тартатын болса, отандасымыз наурыз айында басқа боксшымен кездесуі ықтимал.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.










Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама