Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Головкин - "Канело" жекпе-жегінің шешімі - боксқа жасалған қатты соққы - Леффлер

Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.


© vk.com/ggolovkin
© vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында міндетті түрде екінші кездесу өткізу керектігін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның ойынша, 16 қыркүйекте өткен кездесудегі төрешілердің шығарған даулы шешімін сейілдіру үшін екінші жекпе-жек міндетті түрде өтуі тиіс.

"Головкинмен 12 раунд өткізген боксшылар тізімінде Альварес бар болғаны екінші болды. Головкин Джейкобсты кез келген раундта нокаутқа түсіре алар еді, алайда ол "Канеломен" мұны істей алмады. 

"Бұл (Головкин - Альварес кездесуіндегі төрешілердің шығарған шешімі) - боксқа жасалған соққы. Бұл қисынсыз, себебі осы жекпе-жекті боксты кейде ғана тамашалайтын адамдар да қарады. Олар тек айтулы жекпе-жектерді қарайды. Сол себепті де олар төрешілердің осындай шешімін көріп, қандай да бір келісу барын не тағы басқа бірдеңелерді ойына алуы мүмкін. Сіз қалай есептесеңіз де Головкин Альварестен басым болды. Мұның шешімін табудың бір ғана жолы бар - ол екінші кездесу өткізу. Головкин нокаутқа түссе, не Альварес нокаутқа түссе сонда барлығы шешіледі", - деп жазады boxingnews24.com Том Леффлердің сөзін. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

  Пікір: 0
  0