Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Тұрсынғалиев 27 күн ішінде 8-ші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті

Тұрсынғалиевтің соңғы "құрбаны" жергілікті боксшы болды.


Мұса Тұрсынғалиев
Мұса Тұрсынғалиев
Қазақстандық боксшы Мұса Тырсынғалиев кәсіпқой бокстағы сегінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тұрсынғалиев екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Өзінің кәсіпқой мансабын Мексикада бастады. Сол сапарынан бері ол 27 күн ішінде жергілікті боксшылармен жұдырықтасып, сегіз жекпе-жекте жеңіске жетті. Оның жетеуінде ол мерзімінен бұрын аяқтады. 

Тұрсынғалиевтің соңғы "құрбаны" жергілікті боксшы болды. Қазақстандық боксшы қарсыласын төртінші раундта нокаутқа түсірді. Бокс кеші Мексиканың Канкун қаласында өтеді. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы 10 қарашада шаршы алаңға бірінші рет шықты. 22 желтоқсанда ол жастар арасында чемпиондыққа таласу үшін жеңілмеген мексикалық боксшы Хосе Гонсалеспен кездеседі. 

  Пікір: 0
  0