auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоның" командасы Головкинмен екінші кездесудің шарттары туралы келіссөз бастауға дайын - Леффлер

"Канелоның" командасы Головкинмен екінші кездесудің шарттары туралы келіссөз бастауға дайын - Леффлер
Леффлер, Головкин және Санчес. ©: ESPN
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер ESPN Deportes басылымына берген сұқбатында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы екінші кездесуді ұйымдастыру үшін келіссөз бастауға дайын екенін айтты. 

"Егер екінші кездесудің мәселесі бізге байланысты болған болса, келісімшартқа осыдан бір ай бұрын қол қойып, жарнамасын жасап жүретін едік. Менің ойымша екінші кездесудің мәселесін шешу үшін бізге желтоқсанның соңына дейін уақыт бар. Сосын 5 мамырда өтетін кездесуді жарнамалауға кірісеміз. 

Бүгін таңертең мен Эрик Гомеспен (Golden Boy компаниясының президенті) сөйлестім. Ол маған екінші кездесу туралы келіссөздерді осы аптада бастайтынымызды айтты. Біз өз тарапымыздан дайынбыз. Жекпе-жекті тезірек ұйымдастырғымыз келеді. Егер "Канело" жекпе-жектің 5 мамыр күні өткенін қалайтын болса, біз дайынбыз. Бізге тек жекпе-жектің кейбір мәселелерін шешіп алуымыз керек. Головкин кездесуге сақадай-сақ. 

"Канело" кездесуден бас таратын болса, Головкин бір кездесу өткізеді. Ол наурыз немесе сәуір айында өтетін шығар", - дейді Леффлер. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама