auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Golden Boy Promotions пен "Канело" Головкинмен екінші кездесу туралы шешімді қашан жариялайтыны белгілі болды

Golden Boy Promotions пен "Канело" Головкинмен екінші кездесу туралы шешімді қашан жариялайтыны белгілі болды
Осы аптада мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен кездесіп, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеуінің иегері  Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) өтетін екінші кездесу туралы келіссөздер жүргізетін болды. 

Еске салайық, "Канелоның" келесі кездесуі 2018 жылдың 5 мамырына жоспарланып отыр. Бірақ қарсыластың кім болатыны әлі белгісіз. 

"Ол енді ғана АҚШ-қа оралды. Осы аптаға біз "Канеломен" кездесуім керек. Кездесіп онымен ақылдасуымыз керек. Көп нәрсе шешіліп қойды. Бірақ әлі ақылдасатын дүниелер бар. 

Далластағы стадион мен Нью-Йорктегі спорт кешені кездесуді қабылдауға сақадай сақ. Енді біз кездесу туралы келісімге қол қойсақ, жекпе-жектің өтетін орнын анықтауға кірісеміз. Бірінші кездесуді де біз осылай шештік. 

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру - менің басты мақсатым. Бұған жұмысқа қазір Оскар Де Ла Хойяның өзі де кірісті. Жанкүйерлер асыға күтіп отырған кездесу үшін келісімге келгенімізді жуық арада ресми хабарлаймыз", - дейді Гомес FightHub басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама