Профи-бокс
28 қараша 2017 14:15
 
Вера мықты боксшы емес. Бірақ жоқтан бары жақсы - Манкенов Қанат Исламның келесі қарсыласы туралы ойымен бөлісті

  Пікірлер

blog.share

Вера мықты боксшы емес. Бірақ жоқтан бары жақсы - Манкенов Қанат Исламның келесі қарсыласы туралы ойымен бөлісті Қанат Ислам. ©: Vesti.kz

Танымал қазақстандық промоутер Болат Манкенов Vesti.kz порталының тілшісіне Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBA) қазақстандық боксшы Қанат Ислам 25-0, 20 КО) мен америкалық боксшы Джон Вера (18-0, 11 КО) арасындағы чемпионның міндетті қарсыласын анықтайтын жекпе-жек туралы ойымен бөлісті. 

"Менің ойымша, Джон Вера Қанат Исламның ең мықты қарсыласы болады. Дегенмен де Вераны бірінші орта салмақты мықты боксшысы деп атай алмаймын, бірақ жоқтан бары жақсы. Бұл кездесу - Ислам үшін маңызды қадам. Жекпе-жек АҚШ-та өтетін шығар. Егер екі боксшының командалары бітімге келе алмаса, онда жекпе-жектің бәссаудасын америкалық боксшының промоутерлері жеңіп алады деп ойлаймын. Қанат Исламның саудаласатындай ақшасы жоқ. Бірақ менің ойымша, келісімшартқа қол қойған кезде ғана бұл кездесу туралы айтуға болады, - дейді Мансенов. 

Қазіргі уақытта Қанат Ислам WBA рейтингінде бірінші орында келеді. Ол өзінің соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өкізіп, канадалық Брэндон Куктан айласын асырып, WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалды.

Вера болса бұл рейтингте екінші орында тұр. Соңғы кездесуін ол 2017 жылдың 29 қыркүйегінде өткізіп, Сандэй Алжувудан айласын асырды.

Айта кетейік, бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) бірінші кезектегі міндетті қарсыласы болады.

Жарнама

Живи спортом!