auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Исламның келесі қарсыласы Джон Вера туралы не білеміз?

Қанат Исламның келесі қарсыласы Джон Вера туралы не білеміз?
Джон Вера. Сурет боксшының Instagram парақшасынан алынды.
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам әлем чемпионы атағына тағы бір қадам жақындай түсті. Бүгін бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) отандасымызға келесі міндетті қарсыласын белгіледі. Ол - рейтингте екінші орында тұрған америкалық боксшы Джон Вера. Вера мен Ислам бірінші орта салмақтағы WBA чемпионының міндетті қарсыласы атану үшін жекпе-жек өткізу керек. Осы орайда Vesti.kz порталы әлі жеңіліп көрмеген боксшы туралы кеңірек мәлімет беруді жөн көріп отыр. 

Вера бокспен 11 жасында шұғылдана бастапты. Бірақ, оның әуесқой бокстағы табысын ауыз толтырып айта алмаймын. Боксшының айтуынша, жас кезінде ол тіпті ақша табу үшін боксты тастап, басқа тірлікпен шұғылданғысы да келген. Дегенмен кейіннен ол өмірін бокспен байланыстыратын болып шешеді. 

Абырой мен атаққа қол жеткізгенге дейін Джон бәрібір де бокс пен қосалқы жұмысты қатар алып жүрді. Ол Техас штатындағы қарапайым залдардың бірінде жаттығу жасап жүрді. Бірақ уақытының көп бөлігі қосалқы жұмысқа кеткен еді. Өйткені, ол пәтерінің ақшасын және қосымша шығындарын жабуы керек болатын. 



Джон кәсіпқой боксқа 23 жасында ауысқан. Оның командаластарының айтуынша, Вера дер кезінде кәсіпқой боксқа ауысқан екен. Дәл осы шағында ол барлық мүмкіндіктерін толығымен көрсете бастаған. 

"Феномен" (Джон Вераның лақап аты) Техас штатының Форт Уэрт қаласында дүниеге келген. Барлық ғұмырын Америкада өткізген және табыстарының барлығын отандастарымен байланыстырады. "Менің қаламның тұрғындары жетістіктеріммен мақтан тұтса деймін", - дейді сұқбаттарының бірінде Вера. Вераның әкесінің туыстары пуэорторикадан шықса, анасының туыстары мексикалықтар. 

Вера отбасының кіші ұлы. Оның ағалары мен әпкелері бар. Әу баста оның анасы бокспен шұғылдануға түбелейлі қарсы болған. Бірақ оның анасы кәсіпқой бокстағы әрбір кездесуін қалдырмай көріп келеді. Қазіргі таңда ол Вераның командасының қатарында. 



"Анаммен күн сайын сөйлесіп отырамын. Қазір ол менің командамның бір бөлігі. Ол менің жекпе-жек алдындағы тамақтарымды дайындайды. Менің жеке диетологым. Бұрындары ол боксты мүлде ұнатпайтын болса, қазір ол аренадағы ең қатты айқайлап отыратын адамдардың біріне айналды. Үнемі айқайлап, мені қолдап отырады", - дейді Вера анасы туралы. 



Вераның карьерасындағы ең маңызды кезекдердің бірі қазақ боксымен байланысты. 2015 жылы ол тағы бір отандасымыз Радмир Ахмедиевпен кездесті. Ол кездесуде Вера нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жеңіс Джонға кіші Рой Джонстың командасымен келісімшарт жасауға мүмкіндік берді. Рой Джонспен келісімшарт жасағаннан кейін ол өзіне жаңа белестерді ашты. 

"Ол жеңіс менің карьерамды керемет өзгертіп жіберді. Ахмедиевті жаңа Геннадий Головкин деп жүрді жұртышылық. Ол жігіттен көп үміт күтті. Бірақ мен ол кездесуде керемет соққы жасай алдым. Осы жеңістен кейін мен үшін жаңа белестер ашылды", - дейді америкалық боксшы. 



Вераның алдағы жоспарларының ішіндегі ең маңыздысы - бірінші орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек. Бұл межеге жеткеннен кейін ол салмағын ауыстыруға ниетті. 

Бұрнағы күні Вера WBA-NABA USA белбеуінің иегері. Солақай боксшы. Өте мығым. Ірі денелі. Сонымен қатар мамандар Вераның қарсыластың мүмкіндігін керемет бақылай алатын боксшы деп бағамдайды. WBA рейтингінде екінші орында тұр. Кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізген. Оның барлығында жеңіске жеткен 11 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген. Вера Қанат Исламмен өткізетін кездесуі туралы өз ойымен де бөлісіп үлгерді. 

"Шамасы мен WBA чемпионының міндетті қарсыласы болуы үшін Қанат Исламмен кездесу өткізетін сияқтымын. Мен бұл үшін көп еңбектендім", - деп жазды Вера Instagram парашасында. 















Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама