auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" жұдырықтасқысы келмесе, мен WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізгім келеді - Головкин

"Канело" жұдырықтасқысы келмесе, мен WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізгім келеді - Головкин
© boxingscene.com
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер іске аспаған жағдайда, басқа да жоспарларының барын айтты.

"Мен жылына үш-төрт жекпе-жек өткізгім келеді, әрине мен мұның қиын болатынын білемін. Егер "Канело" менімен жұдырықтасудан бас тартса, мен орта салмақтағы барлық титулдардың басын қоссам деймін. Әрине мен WBO чемпионына қысым көрсете алмаймын, ол өзі қарсы болмаса, мен дайынмын. Менің арманым - барлық титулды иелену", - деді Головкин ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, орта салмақта WBO чемпионы - ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО). Ол 16 желтоқсанда 2015 жылы қазақстандық боксшыдан жеңіліп қалған Канадада Давидом Лемьемен (38-3, 33 КО) жұдырықтасады.

Сонымен қатар, "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкинмен екінші жекпе-жек өткізу келіссөздері Сондерс - Лемье кездесуінен кейін жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізді. Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама