auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бірінші кездесуде жеңіске жеттім. Екінші кездесуде "Канелоны" нокаутқа түсірем деп уәде бермейін - Головкин

Бірінші кездесуде жеңіске жеттім. Екінші кездесуде "Канелоны" нокаутқа түсірем деп уәде бермейін - Головкин
Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Мексикаға жасаған сапары барысында ESPN Deportes телеарнасының қонағы болды. 

Отандасымыз ESPN Deportes арнасындағы бағдарламалардың бірінің қонағы болды. Бағдарлама барысындағы әңгімеге Головкиннің 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізген кездесуі арқау болды. 

"Екінші кездесу болады ма, болмайды нақты білмеймін. Сіздерге бұл сұрақты "Канелодан" сұрағандарыңыз дұрыс шығар. Мен дайынмын. Мамыр айында кездесу өткізуге қарсы емеспін", - дейі Головкин. 

Сонымен қатар отандасымыз Альвареспен оның командасының мексикалық боксшы жеңіске жетті деген сөздерімен келіспейтінін айтты. 

"Канелоның" жеңдім деген сөздерімен келіспеймін. Өйткені, ол менен мықты болмады. Шаршы алаңда өзін еркін сезінді деп ойламаймын. Біздің бірінші кездесу жақсы болды. Бірақ екінші кездесуіміз одан да мықты болады", - дейді отандасымыз. 

Головкиннің айтуынша, ол екінші кездесуге мықты дайын болады екен. Дегенмен де қазақстандық боксшы елді дүрліктіретін болжам айтудан бас тартты. 

"Маған Альваресті жеңу үшін уақыт керек. Бірінші кездесуде мен жеңіске жеттім деп санаймын. Бірақ екінші кездесуде оны нокаутқа түсіремін деп айтқым келмейді. Алдағы кездесу екеуміз үшін де қиын жекпе-жек болмақ", - деп қорытындылады Головкин. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама