auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов ажырасып кеткенін мәлімдеді

Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов ажырасып кеткенін мәлімдеді
"The Эфир" жобасында Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызына өзінің табысы жайлы және кәсіпқой боксқа не себепті ауыспай қалғанына қатысты, сонымен қатар, әйелімен ажырасқаны туралы жаңа мән-жайды баяндады,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбат барысында Елеусінов жеке өмірі жайлы деректерді ашық айтты. 

"Негізінде құпия сақтағым келген. Шынымды айтсам, қазір жанұям қасымда емес. Баламмен араласамын. Жақын арада ғана сондай шешімге келдік. Алда уақыт көрсетеді. Бөлек тұрып көрейік, ең бастысы бұл жерде бізді ұстап тұрған бала болатын, бала қиналып қалмасын дедік. Әкесінен айырылмасын деген ойымыз болды. Еркек болғаннан кейін баламнан ешқашан бас тартпаймын. Баламды қатты жақсы көремін, балажанмын. Оған бүкіл жағдайды жасауға тырысамын", - деді Елеусінов отбасы жайлы. 

Сонымен қатар, ол бала кезіндегі арманының орындалғанын баяндады. 

"Бала кезімде Олимпиада чемпионы болу арманым еді. Арманыма жеттім. Қазір шешім қабылдадым, әзірше әуесқой бокста қалдым деп айта аламын. Себебі маған келіп түскен ұсыныстар көңілімді толықтай толдырған жоқ. Басында кәсіпқой боксқа ауысамын деп ойлағанмын, бірақ ұсыныс түсіргендер келісімшарт бойынша өз міндетін орындамады. Олар қазақ спортшысына мұндай көп ақша төлегенше, өзімізге ақша құяйық деген сияқты, сондай бір сыбыстар болды", - деді боксшы кәсіпқой рингке өту мәселесі жайлы.

Осыдан кейін жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы спортшыға Елбасымен кездескені жайлы айтып беруін өтінді.

"Өте қуанышты сезімде болдым. Елбасы құттықтап, жанұям туралы сұрады, әйеліммен және баламмен бірге шығып келе жатқан кезімде "отбасың ба?" деп сұрады. Баландин сол жағында, мен оң жағында отырдым. Елбасыға спортшыларға деген көзқарасы үшін алғыс айттым, сонда аяғымнан осылай қаққан болатын. Оның өзі маған үлкен мәртебе, абырой", - деп баяндайды сұхбатты Елеусінов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама