auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мигель Котто Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуге болжам жасады

Мигель Котто Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуге болжам жасады
Мигель Котто. Сурет Denver Post
Төрт салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Мигель Котто (41-5, 33 КО) ESPN басылымына берген сұқбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы кездесуі туралы ойымен бөлісті. 

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған болатын. Осылайша отандасымыз өзіне тиесілі WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалды. 

Коттоның айтуынша, бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесуде фоварит Альварес болады екен. Сонымен қатар ол боксшының бапкерлері Хосе мен Ждди Рейносоларға алдағы кездесуге дұрыс тактика таңдау керек екендігін айтты. 

"Менің ойымша бірінші кездесуде "Канело" үстем болды. Егер екінші кездесуде ол бапкері Рейносомен бірге дұрыс тактика таңдайтын болса, жеңіске жетеді", - дейді Котто. 

ESPN басылымына берген сұқбаты барысында Коттоға салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингте кім мықты екенін айта алмады. Ол бұрнағы күні кәсіпқой бокста көп кездесуді тамашаламайтынын айтты. 

Айта кетейік, 2015 жылы Котто Альвареспен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалған еді. Ол кездесу пуэрторикалық боксшы WBC белбеуінің иегері еді. Бірақ Котто Головкинмен кездеспей үшін отандасымызға компентация төлеп берем деген еді. Бірақ сөзінде тұрмайды. Кейін кеңес басшылары Мигельден белбеуді тартып алып, Альвареске берді. 

Өз кезегінде Альварес те белбеудің сол кездегі міндетті қарсыласы Головкинмен кездесуден бас тартып, 2016 жылдың мамырында салмақ ауыстырып кеткен еді. Осылайша WBC өзінің чемпиондық белбеуін жекпе-жексіз Головкинге берді. 

Қазір 37 жастағы Котто бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері. Өзінің келесі кездесуін ол 2 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы америкалық боксшы Садам Әли 25-1, 14 КО) болады. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама