auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Ислам 2017 жылғы Қазақстанның үздік спортшысы атанды

Қанат Ислам 2017 жылғы Қазақстанның үздік спортшысы атанды
©: Владимир Дмитриев
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) "Жыл таңдауы" жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атынды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Алматыда өткен салтанатты кеште Қанат Ислам "Қазақстандағы №1 жыл таңдауы" жобасында "Алтын Адам" сыйлығының лауреаты атанып, "Жыл спортшысы" атағы берілді. 

"Мен үшін ең бастысы - елімнің тәуелсіздігі. Біздің ел өзінің тәуелсіздігімен көпшілікке кеңінен танылды. Шаршы алаңда, туымды көтеріп, бүкіл әлемнің алдында әнұранымды айтқаннан асқан бақыт жоқ менің үшін", - дейді Ислам. 





2017 жылы Қанат Ислам үш кездесу өткізді. Тарқатып айтсақ, 17 ақпан күні АҚШ-та бразилиялық Робсон Ассиспен (16-5, тоғыз КО) кездесіп, бірінші раундта жеңіске жетті. 26 мамыр күні тағы да АҚШ-та отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша мексикалық Норберто Гонсалестен (23-10, 13 КО) айласын асырса, 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, жеңіс тойын тойлады. 

Биыл отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін жеңіп алды. WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді. 

Айта кетейік, "Жыл таңдауы" жобасының жеңімпаздарын танымал қазақстандықтардан құралған төрешілер таңдап алады. "Алтын Адам" лауреатына ие болған тұлғалар ақшалай сыйақы алмайды. 

Еске салайық, 2016 жылы "Жыл таңдауы" жобасында үздік спортшы атағын Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин жеңіп алса, 2015 жылы орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) үздік атанды. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама