auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоның" қалағаны болады. Де Ла Хойя мексикалық боксшының келесі қарсыласы Головкин болмауы мүмкін екенін айтты

"Канелоның" қалағаны болады. Де Ла Хойя мексикалық боксшының келесі қарсыласы Головкин болмауы мүмкін екенін айтты
Оскар Де Ла Хойя. Сурет: Brad Barket/Getty Images
Екі салмақта бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) келесі кездесуін орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулері бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсы өткізбеуі мүмкін. 

Бұл туралы "Канелоның" жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя айтты. Оның айтуынша, Головкиннің командасымен қазіргі уақытта келіссөздер тым баяу жүріп жатыр екен. Сонымен қатар олардың басқа да жоспары бар екенін жеткізді. 

"Келіссөздер жүріп жатыр. Бірақ өте баяу жүріп жатыр. Қазір нақты ештемені келіспедік. Біз тіп кездесу қашан өтетіні туралы сөйлескен жоқпыз. Дегенмен кездесу өтуі керек. Бұл кездесуде Головкин де, "Канело" да және Golden Boy да ұйымдастырғысы келеді. Желтоқсаннан кейін біз кездесіп, кездесудің қашан және қайда өтетінін нақты шешеміз. 

Джейкобс орта салмақтағы боксшылардың бірі. Сонымен қатар Лемье мен Сондерс бар. Жанкүйерлердің қалағанын жекпе-жегін ұйымдастыруға тырысамыз. Промоутер ретінде "Канело" мен GGG арасындағы кездесу өтуі керек деп ойлаймын. Дегенмен "Канелоның" қалағаны болады. Жуық арады біз онымен кездесіп, жоспарларымыз туралы ақылдасып аламыз", - деп келтіреді промоутердің сөзін Boxingnews24.com порталы. 

Бұған дейін промоутер Головкинмен келіссөздер 16 қыркүйек күні Канада қаласында орта салмақтағы WBO белбеулінің иегері Билли Джо Сондерс пен канадалық Давид Лемье арасындағы кездесуден кейін жалғастырамыз деген еді.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама