auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова әйгілі "Тақтар таласы" телехикаясына түсуі мүмкін

Қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова әйгілі "Тақтар таласы" телехикаясына түсуі мүмкін
©: allfight.ru
Фируза Шәріпованың FSK Promotion компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Олеся Воякина әлемдік телеарналармен және Монакода SportTel көрмесіндегі компаниялармен болған келіссөздер жайында айтып берді.

Таратылған мәліметке қарағанда, кездесулердің бірі НВО телеарнасының өкілдерімен өтіп, онда осы телеарна ұйымдастыратын бокс кештеріне Фирузаның қатысуы ұсынысы талқыланды.

"Сонымен қатар Фируза Шәріпованың "Тақтар ойыны" телесериалына қатысуы сөз болды. Бұл тұрғыда ең басты мәселе спортшының алдағы кестесіне қатысты болып отыр. Яғни 2018 жылға Фирузаның жоспарлаған шаралары өте көп. Биыл ол сериалдың түсіріліміне қатыса алмайтыны белгілі, өйткені 30 желтоқсандағы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Осы орайда Фирузаның кестесі мен сериалға түсу уақытын өзара қиыстыру жағдайы талқыланды. Біз өз кезегімізде Фирузаға қолайлы даталарды ұсындық. Қарашаның соңына дейін бұл мәселеге нүкте қойылады, осыдан кейін оның аталған сериалға түсуі ықтималдығы мен қандай рөлді сомдауы мүмкін екенін нақты жариялай аламыз", - дейді Воякина.

Оның сөзіне қарағанда, ең жемісті әрі қызықты кездесулердің бірі UFC өкілдерімен өткен. Фирузаның менеджері Сергей Завилейский ұсыныстарды таныстырып, олардың барлығы қолдауға ие болған.

Фируза Шәріпованың 30 желтоқсандағы жекпе-жегі UFC Pass платформасында көрсетілмек. UFC Pass - жекпе-жектерді көрсететін  интернет-платформа. Сондай-ақ тағы бір кездесу Монако профи-бокс федерациясы өкілдерімен өтті. Онда 2018 жылы Монте-Карлодағы ең танымал казинода Фирузаның жекпе-жегін ұйымдастыру шарасы талқыланды. Қазіргі кезде кездесудің талаптары мен датасы қарастырылуда.

"Жалпы, Монакода жүзден астам кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша 30 желтоқсанда Алматыда өтетін әлем чемпионы титулы үшін Фируза Шәріпованың жекпе-жегін 50-ден астам телеарна көрсетпек", - деп нақтылады Олеся Воякина.

Айта кетейік, 30 желтоқсанда Алматыда қазақстандық спортшының Белгиядан келетін Джемилла Гонтарюкпен жекпе-жегі жоспарланған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама