Шарипова өзінің келесі кездесуін Алматыда IBO белбеуі үшін өткізеді
Суретті Фируза Шарипованың командасы ұсынды.
Жеңіл салмақта WIBA және WBU белбеулері бойынша әлем чемпионы қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова (7-1, 4 КО) келесі кездесуін Алматыда өткізеді. Жекпе-жек бұған дейін жоспарланған 30 желтоқсан күні емес, 17 желтоқсан күні өтеді. Бұл туралы боксшының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Кәсіпқой бокс кешін Шапированың FSK Promotion промоутерлік компаниясы Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізеді.
"Мен менеджері Сергей Завильскиймен бірге Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен оның орынбасары Арман Қырықбаевпен және Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітовпен кездесу өткіздік. Кездесудің қорытындысы бойынша, әкімшілік алдағы бокс кешіне қолдау білдіретін болды. Көпшілікті үлке бокс кеші күтіп тұр. Кештің басты жекпе-жегінде мен шаршы алаңға шығамын.
Барлық мәселелі шешіліп, екінші жеңіл салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен кездесу ұйымдастыру туралы бітімге келдік.
Жекпе-жек кешін атақты Александр Загорский жүргізеді. Ол осы уақытқа дейін тек Ресейдік ғана емес Еуропа мен Азияның үздік ринг-хабарлаушысы атанған.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша Монакодағы Sportel бокс көрмесінде Қазақстанда өтетін кездесуді бірнеше әлемдік арналар көрсетеді. Ал бокс кешіне билет сатып алған жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады", - дейді Шарипова.
Еске салайық, бұған дейін Шарипова кәсіпқой бокстағы өзінің тоғызыншы кездесуін Астана қаласында өткізеді деген хабар тараған еді. Оның қарсыласы екінші жеңіл салмақтағы IBO белбеуінің иегері бельгиялық Джермалла Гонтарюк (13-4-1) болады делінген. Бірақ кейіннен бельгиялық боксшы Шариповамен кездеспейтінін, оның орнына мықты қарсылас қарастырып жатқанын айтты. Ал кеше ол әлеуметтік желісінде видеожолдау жасап, Шарипованы жекпе-жекке шақырды.

Жарнама