Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Жанат Жақиянов туралы 20 дерек

Назарларыңызға Жақиянов туралы сіз білмеген 20 деректі ұсынамыз.


 Reuters©
Reuters©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) 21 қазан күні британдық Райан Барнеттпен (18-0, 11 КО) кездесіп, WBA (Super) белбеуінен айырып қлады. Жекпе-жек Белфест қаласында өтіп, төрешілердің шешімі бойыншша Барнетт жеңіске жеткен еді. 

Осы орайда Vesti.kz порталы Жақиянов туралы сіз білмейтін 20 деректі жинады. 

1. Жанат Жақиянов Солтүстік Қазақстан облысындағы үш мың тұрғыны бар Благовещенка ауылында дүниеге келген. Оның Азамат деген сыңары бар. Ол Жанаттан 15 минут бұрын дүние есігін ашқан. Азамат бокстан Қазақстанның спорт шебері болған. Бұрнағы күні халықаралық дәрежедегі төреші. 

2. Жақияновтың бокспен шұғылданып жүргеніне 16 жыл болды. Кейбір бапкерлер оның дұрыс бағаламай, жасы келіп қалған боксшы деп сынға алған. 

3.  Әуесқой бокста ол ауыз толтырып айтатын табысқа жетпеген. Оның әуесқой бокстағы ең ірі жеңісі Серік Қонақбаевтың турнирінде тіркелген. Бұл додада ол топ жарған. 

4. Жақиянов әскерде де болған. Нақтырақ айтатын болса, Орталық әскерилер клубында. Оның бөлімшесі Алматыда болған. Сонымен қатар ол жоғары білімді дипломы бар боксшы. 

5. Жанат кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 2007 жылы, 23 жасында өткізген. Алғашқты төрт кездесуі Қазақстанда өткен. Екеуі Шымкентте, екеуі Алматыда. 

6. 2008 жылы Жанат Ресей және Өзбекстанда жұдырықтасқан. ТМД елдерінен шет аймақта оның жекпе-жегі 2010 жылы өтті. Бұл жылы ол екі рет Таиланда жекпе-жек өткіздіү 

7. Жақияновтың 29 кездесуі әлемнің 12 елінде, төрт құрылықта өткен. Нақты айтсақ, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Таиланд, Ұлыбритания, Швейцария, Гонконг, Беларусь, Автсралия, Болгария, Монако және АҚШ өткен. 

8. Кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі үшін Жанат 300 доллар сыйақы алған. Яғни, әр раунд үшін 75 доллар. Негізі ұйымдастырушылар 400 доллар беруге келіскен екен. Бірақ 100 доллар түрлі салыққа кеткен. 

9. Кәсіпқой бокста ауысқан алғашқы жылдары Жанат бапкерлік қызмет те атқарған. Оның ең танымал тәлімгерлерінің бірі - Николай Чебанов. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін бұл боксшы жастар арасында Қазақстан чемпионы болған. Ал студенттік кездерінде Жақиянов күзетші болып та қызмет атқарған. 

10. Кәсіпқой бокстағы Жақияновтың бірінші жеңілісі 2008 жылы тіркелді. Ол кезде отандасымыз ресейлік Сахиб Усаровтан жеңілді. Бұл қазақстандық боксшы үшін шет елде өткізген бірінші кездесуі еді. Мәскеу маңындағы Раменск қаласында өткен кездесуде Усаров төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

2013 жылға дейін Усаров кәсіпқой бокста үнемі жұдырықтасып жүретін. Бірақ содан соң үш жыл шаршы алаңға шықпай қойды. 2013 жылы ол шаршы алаңға қайта оралып, үш кездесу өткізді. Жалпы ол кәсіпқой бокста 22 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, WBO Interconinental белбеуін жеңген. 

"Усровпен өткен кездесу менің кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегім еді. Мүмкін кездесуде тәжірибем аз болған шығар. Бірінші раундта Усаровты нокдаунға түсірген едім. Бірақ бұл сәт YouTube-те жоқ екен. Содан соң босаңсып кеттім-ау. Сахиб болса осы жағдайды пайдаланып, ұпайынын түгендеп алды", - деп есіне алады Жақиянов бұл кездесуді. 

11. Отандасымыздың кәсіпқой бокстағы үш кездесуі Алматыдағы циркте өткен. 

12. Даңқты британиялық Рикки Хаттон Жақияновпен 2011 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Олар Жақияновтың Щвейцарияда жергілікті боксшы Бенджамин Питтелудамен өткізген кездесуін кейін танысқан. 

13. Әлем чемпионы деген атаққа Жақияноы WBC белбеуінің Азия және Еуразия құрлығының чемпиондық және Еуропаның EBU белбеулері арқылы жол ашылды. Жанат үшін 2015 жыл жемісті болды. Бұл жылы отандасымыз WBA Intercontinental белбеуін кейіннен венесуэлалық Йонфрез Парехоны жеңіп, әлемнің уақытша чемпионы болды. 

14. Парехомен өткізген жекпе-жектен кейін Жақиянов 15 ай шаршы алаңға шықпады. Ол Алматыда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Бірақ оған жарақаты кедергі болды. 

15. Жарақатын емдеп болған соң Жақиянов WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек биылғы жылдың ақпан айында өтіп, АҚШ жерінде Роуши Уоррендің жеңіп, екі белбеуді иеленген елі. 

16. Уорренмен өткізген кездесуі үшін Жақиянов 30 мың доллар алса, америалық боксшы 150 мың доллар алды. 

17. Бұл жекпе-жектен бір ай өткеннен кейін IBO Жақияновтан белбеуін алып қойды. Өйткені, ол белбеуге тиесілі салықты төлемеген.

18. Жақиянов - Қазақстан тарихында әлем чемпионы атанған төртінші боксшы. Бұған дейін әлем чемпионы деген атақты Василий Жиров (IBF), Бейбіт Шүменов (WBA (Super), Геннадий Головкин (WBC, WBA (Super), IBF және IBO) әлем чемпионы атанған болатын. 

19. Жуырда ғана "Артқа қадам жоқ" деген автобиографиялық фильмінде Жақиянов балалары туралы айтып берді. Ол ұлы мен қызы спортшы болғанын қалайды екен. Ұлы Олимпиада ойындарында бақ сынағанын армандайды екен. Бірақ кәсіпқой боксқа ауысқанын қаламайды. 

20. Жақиянов кәсіпқой бокста тағы 3-4 жыл жүремін дейді. 



  Пікір: 0
  0