Профи-бокс
23 қазан 2017 09:40
 

Жапон боксшысы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

  Пікірлер

blog.share

Жапон боксшысы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды La Voix du Nord

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша жаңа тұрақты әлем чемпионы Риота Мурата қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жапон боксшысы Токиода камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымызбен жұдырықтасқысы келетінін айтқан.

- Мен жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңданып та тұрмын. Қарсыласым жекпе-жекті жылдамырақ аяқтағысы келді. Екеуміз де қатты шаршадық. Мен кездесуді жалғастыра түсіп, шыдамдылық таныттым. Ол жекпе-жекті тоқтатты.
Орта салмақта мықты боксшылар көп. Соның бірі – Геннадий Головкин. Мен оны жеңу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын, - деді боксшы.

Айта кетейік, Риота Мурата мен Хассан Н'Дам Н'Жикам арасындағы бірінші жекпе-жекте камерундық боксшы жеңіске жеткен еді. Кейіннен сол кездесуде төреші болған Густаво Падилья мен Хьюберт Эрл Хассан Н'Дам Н'Жикамға жеңісті бергені үшін 6 айға жұмысынан шеттетілген болатын.

Риота Мурата орта салмақтағы boxrec рейтингінде 17-орында келеді. 13 жекпе-жек өткізіп, 1 кездесуінде ғана жеңілген.

blog.share
Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша жаңа тұрақты әлем чемпионы Риота Мурата қазақстандық
Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жапон боксшысы Токиода камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымызбен жұдырықтасқысы келетінін айтқан.

- Мен жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңданып та тұрмын. Қарсыласым жекпе-жекті жылдамырақ аяқтағысы келді. Екеуміз де қатты шаршадық. Мен кездесуді жалғастыра түсіп, шыдамдылық таныттым. Ол жекпе-жекті тоқтатты.
Орта салмақта мықты боксшылар көп. Соның бірі – Геннадий Головкин. Мен оны жеңу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын, - деді боксшы.

Айта кетейік, Риота Мурата мен Хассан Н'Дам Н'Жикам арасындағы бірінші жекпе-жекте камерундық боксшы жеңіске жеткен еді. Кейіннен сол кездесуде төреші болған Густаво Падилья мен Хьюберт Эрл Хассан Н'Дам Н'Жикамға жеңісті бергені үшін 6 айға жұмысынан шеттетілген болатын.

Риота Мурата орта салмақтағы boxrec рейтингінде 17-орында келеді. 13 жекпе-жек өткізіп, 1 кездесуінде ғана жеңілген.

Жарнама

Живи спортом!