Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Жанат Жақиянов қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында Р4Р рейтингінде көш бастады

Қазақстан кәсіпқой боксшыларының тұңғыш Р4Р рейтиңгі түзілді


Жанат Жақиянов. Сурет   WBA кеңесінің ресми сайтынан алынды.
Жанат Жақиянов. Сурет WBA кеңесінің ресми сайтынан алынды.
Diamond Ring промоутерлік компаниясының ресми сайты жаңа жоба бастады. Әр ай сайын сарапшылардың дауыс беруінің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардың рейтиңгі түзіліп отыратын болады.

Бұл үшін кәсіпқой бокстың қасында жүріп, елімізде спорттың осы түрінің дамуына ат салысып жүрген 10 сарапшы маман таңдап алынды. Оларға алдымен қазақстандық кәсіпқой боксшылардың тізімі ұсынылады. Сарапшылар солардың ішінен өздерінің ТОР-10 боксшысын түзулері тиіс.

Сауалнама қорытындысы бойынша, әр маманның ТОР-ондығында 1-ші орын алған боксшы 10 ұпай еншілесе, 2-орын иегері – 9 ұпай алады. Үшінші орын – 8 ұпай, 4-орын – 7 деп кете береді.

Қай боксшы көп ұпай жинаса, сонысы Diamond Ring сайтының Pound-for-pound рейтиңгінде көш бастайды.



Біздің сарапшылар:

Виктор ДЕМЬЯНЕНКО – ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті;

Бахтияр АРТАЕВ – 2004 жылғы Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері;

Серік СӘПИЕВ – 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері;

Рустам ІРГЕБАЕВ – Бокс жаттықтырушысы;

Айдар МАХМЕТОВ – Кәсіпқой бокс сарапшысы;

Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ – «ҚазСпорт» телеарнасында бокс спорты бойынша комментатор;

Айбек ҚАБЫЛША – «Хабар» телеарнасында бокс спорты бойынша комментатор;

Данияр КӘРІМЖАН – Бокс спорты бойынша комментатор;

Жігер ӘБЕНОВ – vesti.kz сайтының тілшісі;

Табиғат АБАИЛДАЕВ – кәсіпқой бокстан қазақтілді журналист.

Бірінші рет түзілген қазақстандық боксшылардың Pound-for-pound рейтиңгінде аса жеңіл салмақтағы WBA Super чемпиондық белбеуінің иегері Жанат Жақиянов көш бастады. Екінші орында төрт әлемдік белбеудің (ІВО, WBA Super, WBC, IBF) иегері Геннадий Головкин. Үздік үштікте Қанат Ислам. Төртінші орынға Бекман Сойлыбаев орналасты. Одан кейін Жанқош Тұраров. Ары қарай рейтіңгтің орындарына Батыржан Жүкембаев, Әли Ахмедов, Иса Ақбербаев, Мейірім Нұрсұлтанов және Айдар Шәрібаев жайғасты.



Келесі Р4Р рейтиңгі қараша айының алғашқы жартысында жарияланады.
  Пікір: 0
  0