auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоның" командасы Головкинмен екінші кездесу өтпесе кіммен жұдырықтасатынын анықтады

"Канелоның" командасы Головкинмен екінші кездесу өтпесе кіммен жұдырықтасатынын анықтады
© Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal
Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жұмыстарымен айналысатын Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшының орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші кездесу өтпейтін болса, "Канелоның" кіммен жұдырықтасатынын айтты. 

Қазан айының басында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің өтуіне ресми келісім берді. Екі боксшының командасы қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатыр.

Де Ла Хойяның айтуынша, егер Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыра алмаса, онда олар  Давид Лемьемен (38-3, 33 КО) кездесу ұйымдастыруы мүмкін екен. Канадалық боксшы болса өзінің келесі 16 желтоұсан күні кездесуін орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерспен кездеседі. Дегенмен де "Канело" мен Лемьенің жұмыстарымен айналысатын промоутер олардың басты мақсаты - Головкинмен екінші кездесу ұйымдастыру екенін айтты. 

"Мен келісімге келіп, Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесуді ұйымдастырғым келеді. Бірақ біз келісімге келе алмасақ, ал Лемье Сондресті жеңетін болса, біз канадалық боксшымен келіссөз жүргіземіз", - дейді Де Ла Хойя Latimes.com порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Бірақ Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының директоры Эрик Гомес кездесу келер жылдың мамырынан бұрын өтуі мүмкін екенін айтты. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы мен мексикалық боксшы арасындағы бірінші кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалды.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама