Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Иван Дычко қазан айында тағы бір кездесу өткізетін болды

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз америкалық боксшымен кездеседі.


Иван Дычко. ©kfb.kz
Иван Дычко. ©kfb.kz
13 қазан күні 27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Жекпе-жек Тампа қаласында өтеді. Кездесуге бір күн қалғанда боксшылар салмақ өлшейді", - дейді боксшының менеджері Зия Алиев. 

Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Родригес Кэйд болады. Ол кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізеді. Жекпе-жек төрт раунда болады деп жоспарлануда. Бокс кешін All Stars компаниясы ұйымдастырады. 

Ұйымдастырушылар Тампа қаласында өтетін бокс кешінде Латын Америкасындағы нөмірі бірінші кеш дейді. Жекпе-жек кешінің басты кездесуінде америкалық боксшы Дэниэл Лосано (14-4, 11 КО) мен Рикардо Родригес (16-4, 5 КО) жұдырықтасады. Бұл аталған боксшылардың екінші кездесуі. WBC FECARBOX және WBO Latino белбеулері үшін өткен бірінші жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша Родригес жеңіске жеткен. 

Жекпе-жек кешінің билеттері 25 доллар тұрады. Аталған шараның басты қонағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, америкалық талантты боксшы Теофимо Лопес (6-0, 5 КО) болады. 

Еске салайық, 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 29 қырүйек күні өткізіп, америкалық Эйбур Райтты (2-2, 1 КО) жеңді. 






  Пікір: 0
  0