Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Промоутер Лемье мен Сондерс кездесуінің қашан өтетінін айтты

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жекті міндеттеген еді.


Эрик Гомес және Давид Лемье. Фото: WordPress.com
Эрик Гомес және Давид Лемье. Фото: WordPress.com
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті, Давид Лемьенің (38-3, 33 KO) менеджері Эрик Гомес канадалық боксшы мен орта салмақта WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) арасындағы кездесудің қашан өтуі мүмкін екенін айтты. 

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жекті міндеттеген еді. Боксшылардың командасы жекпе-жекті өткізуге 9 қараша деген келісімше келу керек. Кері жағдайда жекпе-жек бәссаудаға салынады. 

"Біз WBO кенеңсінен хат алдын. Фрэнк Уоррен (Сондерстің промоутері) әлеуметтік желі арқылы хабарласып, келіссөзді бастады. Фрэнк чемпионның менеджері. Сондықтан да ол бізге ұсыныс жасауы керек. Содан кейін біз ары қарай келіссөздерді жүргіземіз. Олар жекпе-жекті  Ұлыбританияда өткізгісі келетін шығар. 

Бізде жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Егер олар бәссауданы талап етсе, ол қарашаның 20-нан кейін өтеді. Содан соң жекпе-жекті өткізуге тағы 90 күн беріледі. Сол үшін де біз жекпе-жекті ақпан немесе наурыз айында өтетін деп отырмыз. Бірақ Давид желтоқсан айында да өткізуге дайын. Бірақ барлығы Уорренмен өтетін келіссөздерге байланысты болады", - деп келтіреді Гоместің сөзін BoxingScene.com порталы. 






  Пікір: 0
  0