Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Хильберто Рамирес Головкинді тағы да жекпе-жекке шақырды

Бұған дейін мексикалық боксшы Головкинді өткен жылы жекпе-жекке шақырды.


©boxingscene.com
©boxingscene.com
Екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хильберто Рамирес (36-0, 24 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды. 

"Мен Головкинмен кездескім келеді. Ол екінші орта салмаққа ауысқысы келетінін айтқан еді. Егер салмақ ауыстырса, біз жекпе-жекті ұйымдастыра аласыз. Мен бұл кездесуді асыға күтіп жүрмін. Сонымен қатар мен барлық белбеулерді біріктіретін жекпе-жекте керек. Мен тіпті Юбенк, Дигейл немесе Груовзмен кездесу үшін Англияға да баруға дайынмын. Жалпы жекпе-жек өткізу үшін әлемнің барлық жеріне бара аламын", - деп келтіреді Рамирестің сөзін BoxingScene порталы. 

Раирес өзінің келесі кездесуін 3 ақпан күні, Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Айта кетейік, негізі Рамирес Головкинді бірінші рет жекпе-жекке шақырып жатқан жоқ. Бұған дейін pound-for-pound рейтингінде ең үздік боксшылардың бірі бұған дейін де отандасымызбен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. 

Қазіргі уақытта Головкин болса мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші кездесу өткізу үшін, келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл кездесуді Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) жекпе-жекті өткізуге рұқсат берді. Жекпе-жек 2018 жылы өтуі мүмкін. 

Ал қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер болса, егер Головкин "Канеломен" жекпе-жек өткізе алмай қалатын болса, отандысымыздың келесі қарсыластарының бірі Рамирес болуы ықтимал деген еді. 



  Пікір: 0
  0