Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Барнеттің спарринг қарсыласы ирландиялық боксшының мықты тұстатып атап, Жақияновпен өтетін кездесуге болжам жасады

Жекпе-жек Ирландияның Белфест қаласында өтеді.


©rasset.ie

©rasset.ie
©rasset.ie ©rasset.ie
Ирландиялық кәсіпқой боксшы Эрик Донован (5-0, 3 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша Райан Барнеттпен (17-0, 9 КО) өткізген спарринг туралы және осы салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновпен (27-1, 18 КО) өтетін кездесуіне болжам жасады. 

 - Барнетт үнемі бабында жүреді. Мен оның Хаскинспен өтетін кездесуінің алдында да спарринг қарсыласы болған едім. Ол өте жылдам әрі тәжірибелі боксшы. Барнетт әр жаттығуна ерекше назар аударып, демалысы мен тамағына ерекше назар аударады. Менің ойымша, ол қазір де әр жаттығудан кейін өзінің бабына келіп жатыр. Онымен өткізген спаррингтерім маған тәжірибе жинауға мүмкіндік береді, - дейді Донаван. 

- Барнеттің мықты тұстарын айтып берсеңіз?

- Ол өте күшті боксшы. Жылдамдығы да жоғары. Әсіресе оны аяқтарының жұмысын ерекше атап өтер едім. Жылдам ойлана алады. Спарринг кезінде ол менің ойымды оқып отыратын секілді. Бұл оның басты басымдықтарының бірі. Ең бастысы ол әлі мықты боксшыларды жеңіп көрген жоқ. Жаттығу кезінде алдына қойған мақсаттарын орындау үшін аянбай тер тегеді. Барнетт жас әрі мықты. Міне, осы оның басты басымдылықтары. 

- Жақиянов пен Барнетт арасында өтетін кездесуге сіздің болжамыңыз қандай?

- Жақиянов осал қарсылас емес. Оның Уорренге қарсы жекпе-жегі, Жанаттың қандай шыдамды боксшы екенін көрсетті. Бізді керемет жекпе-жек күтіп тұр. Менің ойымша, Барнетт Жанаттың осал тұстарын тауып, өз мүмкіндігін толық пайдала алады. Егер барлығы да жоспар бойынша өтетін болса, Барнетт Жақияновты нокаутқа түсіреді. 

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстан арналарының бірі де көрермен назарына ұсынады. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға қай уақытта шығатынын мына жерден көре аласыздар.









  Пікір: 0
  0