auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Момынов "Канелоға" Головкинмен өтетін екінші кездесуге дайындалуға көмектесетін болды

Момынов "Канелоға" Головкинмен өтетін екінші кездесуге дайындалуға көмектесетін болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (4-0, 4 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) отандасымыз Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін екінші кездесуге де дайындалуға көмектеседі. Бұл туралы боксшының менеджері Фархад Шарипов Vesti.kz порталының тілшісіне айтып берді. 

- Фархад, алдымен Бобыржанның соңғы керемет жеңісімен құттықтаймыз. Енді отандасымыздың алдағы жоспарлары туралы айтып берсеңіз. Жалпы Момынов үшін жекпе-жекті Аргентинада қалай ұйымдастырдыңыздар?

- Рақмет. Бобыржанның алдағы жоспарлары туралы айтатын болсақ, қазір біздің басты мақсат - жекпе-жектерді көбірек ұйымдастырып, рейтингте жоғары көтерілу. Менің промоутер таныстарым өте көп. Қазіргі уақытта Америкада Момыновтың "Канеломен" өткізген спаррингтерінен кейін, Бобыржаннан көп адам қорқатын болды. 

Сондықтан да біз көп уақытымызды босқа жұмсамай, жекпе-жекті Аргентинада өткізуді жөн деп санадық. Бобыржан - өте мықты боксшы. Біз жуық арада екі кездесу өткізуді ойластырып отырмыз. Содан соң чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік болады. 

- Бобыржанды Аргентина жұртшылығы қалай қабылдады. Өйткені, ол жергілікті боксшыға қарсы жекпе-жек өткізді ғой ...

- Аргентиналықтар америкалықтар секілді мықты кездесулерді жақсы көреді. Ол жақта көпшіліктің көңілінен шығу оңай. Сол үшін де Бобыржанды жергілікті көрермендер жылы қабылдады. Енді екінші жекпе-жек кезінде аргентиналық жанкүйерлер Бобыржанды жақсы қабылдайды деп сенемін. 

- "Канеломен" спарринг өткізгеннен кейін мексикалық боксшының командасының тағы да ұсыныс түсті ме?

- Иә. Бір жаңалығым бар. Момынов "Канелоға" Головкинмен өтетін екінші кездесуге де дайындалуға көмектесетін шығар. Бізге Golden Boy тағы ұсыныс жасады. Біз мұны қабылдайтын шығармыз. 

Еске салайық, Бобыржан Момынов өткен аптаның соңында Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында Леонардо Фабио Амиртаномен (9-2, 5 КО) кездесіп, қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама