auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Билли Джо Сондерстің келесі кездесуі қайда өтетіні белгілі болды

Билли Джо Сондерстің келесі кездесуі қайда өтетіні белгілі болды
©Getty Images
Орта салмақта WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерстің (25-0, 12 КО) келесі кездесуі қашан және қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Британдық боксшының промоутері Фрэнк Уорреннің айтуынша, Сондерс шаршы алаңға 9 желтоқсан күні қайта оралады. Оның жекпе-жегі Лондондағы Box Arena спорт кешенінде өтеді. Қарсыласы әлі анықталмаған. 

Еске салайық, қыркүйек айының ортасында дәл осы спорт кешенінде Сондрес кіші Вилли Монроны жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалған еді. 

Бұл жекпе-жектен кейін британдық боксшы орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды. GGG де қыркүйек айының ортасында Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен 12 раундық кездесу өткізіп, тең түскен еді. 

Уорреннің айтуынша, Сондерс желтоқсан айында біздің отандасымызбен кездесуді мақсат еткен. Сондай-ақ ол Амир Ханмен кездескісі келетінін де айтты. Осы сөз үшін Сондерсті наурыз айында Головкиннен жеңілген Дэниел Джейкобс та сынап тастаған болатын. 

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы жылдың соңына дейін тағы бір кездесу өткізбейді екен. Егер олар "Канеломен" екінші кездесу өткізу туралы келісімге келсе, қазақстандық боксшы келер жылдың мамыр айына дейін демалыс алады екен. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама