Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі бірінші қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
27 жастағы Дычко өзінің бірінші жекпе-жегін 29 қыркүйекте Далласта өткізеді. Оның қарсыласы 34 жастағы америкалық Эйбур Райт. Ол үш жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіп, біреуінде жеңіліс тапқан.
Еске салайық, маусымда Дычко америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшартқа отырған еді.
Жарнама