auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Sports Illustrated: "Головкин спорттық бабындағы ең үздік боксшы"

Sports Illustrated: "Головкин спорттық бабындағы ең үздік боксшы"
Геннадий GGG Головкин (вконтакте)
Америкалық танымал Sports Illustrated басылымы нағыз спорттық бабындағы физикалық дайындығы мығым спортшылардың рейтингін жариялады. Үздік 50 спортшының қатарында отандасымыз Геннадий Головкин де бар.

Sports Illustrated статистикалық ақпараттарды жиі жариялайтын басылымдардың бірі. Нағыз спорттық бабындағы спортшыларды анықтауда түрлі параметрлерді назарға алған. Физикалық әрі нағыз бабында жүрген спортшыларды күші, жылдамдығы, төзімділігі, айла-тәсілі мен ептілігі, сондай-ақ соңғы бір жыл ішіндегі жетістігі бойынша анықтаған.

Геннадий Головкин спорттық бабындағы ең үздік 50 спортшының қатарында 11-орынға жайғасқан. Тағы бір айта кететіні, отандасымыз бұл рейтингке енген жалғыз боксшы.

"Головкин қазіргі таңдағы P4P санатындағы ең үздік боксшылардың бірі. 35 жастағы қазақстандық боксшы шаршы алаңда төзімділігі жоғары, соққысы жойқын, күші тасыған спортшылардың бірі. Қыркүйек айында "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жек өткізіп, Головкиннің басымдылығы байқалғанмен, төрешілер кездесуді тең дәрежеде өтті деп шешті. Көпшілік бұл кездесуде Головкин жеңіске жетті деп санайды", - дейді басылым.

Нағыз спорттық бабындағы спортшылар көшін мадридтік Реал мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орынға баскетболшы Леброн Джеймс орналасқан. Үштікті танымал теннисші Роджер Федерер түйіндеп тұр.

Әйелдер арасында нағыз бабындағы спортшы ретінде америкалық спорттық гимнастика шебері Симона Байлз танылған. Екінші орынға Эллисон Феликс  (жеңіл атлетика), үшінші орынға Кэти Ледеки (суда жүзу) орналасқан.

Ерлер арасындағы бірінші ондыққа мына спортшылар енді:

2. ЛеБрон Джеймс (баскетбол)
3. Роджер Федерер (теннис)
4. Мэт Фрэйзер (кроссфит)
5. Джеймс Харрисон (америка футболы)
6. Оделл Бэкхем  (америка футболы)
7. Рассел Уэстбрук (баскетбол)
8. Уэйд ван Никерк (жүгіру)
9. Конор МакГрегор (UFC)
10. Джордан Барроуз (еркін күрес)

Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама