auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин жеңді. "Канело" 4-ші раундтан бастап тең болатындай ештеңе істеген жоқ. Бұл таза саясат - Джейкобс

Головкин жеңді. "Канело" 4-ші раундтан бастап тең болатындай ештеңе істеген жоқ. Бұл таза саясат - Джейкобс
Дэниэл Джейкобс. © SI.com
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінде төрешілердің шешімін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп (118-110 Альвареске, 115-113 Головкинке, 114-114 тең), Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, мексикалық боксшыға айқын басымдылық берген Аделаида Бердтің шешімі дау туғызды. Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Джейкобстің ойынша, Головкин осы жекпе-жекте жеңіске жетті, Альварес тең болатындай ештеңе істемеген, төрешілердің осындай шешім шығаруына саясаттың қатысы бар екенін айтты.

"Бұл өте қызықты кездесу болды, бірақ меніңше Головкин жеңді. Бокста көлем мөлшері біраз нәрсені шешеді. "Канело" бастапқы раундтарда басымдылық танытты. Соңғы раундтарда пішіннің ірілігі мен жойқын күш өзінікін істеп, Головкин соңына дейін тұрып, жалғастырды. Бұл өте керемет жекпе-жек болды", - деді Джейкобс төрешілердің қойған бағасы шықпай жатып.

Төрешілер шешімі шыққаннан кейін, Джейкобс эмоцияға қатты берілді: "Егер сіздер Альварестің тең көрсеткішке қол жеткізді деп ойласаңыздар, бұл барып тұрған бассыздық. Мен екеуімен де жекпе-жекке шығуға дайынмын, бірақ Головкин жеңіске жеткені сөзсіз. Сауль жұлқынып жүріп жұдырықтасты. Меніңше төртінші-бесінші раундтан бастап тең болуы үшін ештеңе де істеген жоқ. Көріп тұрғандарыңыз - нағыз саясат. Бүгінде бокстың жайы осындай.

Меніңше, Головкин жеңді. Ол жеңу үшін біраз нәрсе істеді. Оның джебі дәл тиді. Жас, қу әрі жылдам боксшыға қарсы жекпе-жекте ол тез жағдайды өз қолына алды. Тең болуы - нағыз бассыздық. Олар екеуінің жекпе-жегін қайтадан өткізгісі келді", - деді Джейкобс әлеуметтік желідегі тікелей эфирден.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама