auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен Альварес жекпе-жегінде жеңімпаз анықталмады

Головкин мен Альварес жекпе-жегінде жеңімпаз анықталмады
Лас-Вегастағы кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес тең түсті.

Бірінші раундты қос боксшы аңдысумен өткізді. Гена шабуылда жүріп жұдырықтасса, Канелоның жылдамдығы байқалды. Мексикалық қаша жүріп жұдырықтасуды жөн көрсе, отандасымыз алға ұмтыла түсті.

Сауль Альварес кейінгі раундтарда қаша жүріп, қорғана жүріп жұдырықтасумен жекпе-жекті жалғастыра түсті. Шаршы алаң бұрышында қорғана тұрып, жылдамдығына сенім артумен болды. GGG болса қарсыласынан қаймықпай, сәт сайын шабуылдаумен болды. Бесінші раундтағы Генаның дөп тиген бір соққысы мексикалықтың басын бір шайқатты.

Жетінші раундта Геннадий қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуа шабуылын үдете түсті. Соққылары дөп тиіп, қарсыласын қыспаққа тақай білді. Сегізінші раундта Сауль сес көрсетпек болып, шабуылға шықты. Бірнеше соққыларын дәл тигізгенмен, Гена да өз кезегінде есе жібере қойған жоқ. Ал тоғызыншы раундта Канелоның бір соққысы тура тиді.

Оныншы раунд басталысымен Альварес адуын қосып, алға ұмтылды. Артынша Гена қарсыласының аптығын басты. Мексикалық қайта қорғана жүріп жұдырықтасуына көшті.

Сауль соңғы раундта шапшаң қимылдап, шабуылын бірден үдетті. Бірнеше соққыларын дәл тигізіп, қорғануына көшті.

Жекпе-жек 12 раундқа жалғасып, төрешілер шешімі бойынша боксшылар арасында жеңімпаз анықталмады. GGG өзінің чемпиондық атақтарын қорғап қалды. Сондай-ақ спорттық мансабында алғаш рет қарсыласымен тең түсті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама