Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Big Drama Show немесе Лас-Вегас Головкин-Альварес жекпе-жегіне қалай дайындалып жатыр

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйекте (Астана уақыты бойынша 17 қыркүйекте таңғы уақытта) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.


© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласы осы жылдың ең басты бокс кешіне дайындалып жатыр. Ойын-сауық қаласында бокстан бөлек қызыққа толы. Дженифер Лопес немесе Лэди Гаганың концерттерінің постерлерін бүкіл қалада екі боксшының суреті басып тұр. Олар осы аптада орта салмақтағы ең үздік боксшыны анықтайды. Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің суреттері Лас-Вегастың жарнама тақталарында үздіксіз көрсетілуде. 

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке екі спорттық кешен дайындалып жатыр. Жекпе-жек T-Mobile аренасында өтеді. Қалған шаралар: салмақ өлшеу рәсімі, көз арбасу, баспасөз конференциясы MGM Grand қонақүйінде өтеді. 

Бастапқыда жекпе-жек осы MGM Grand қонаүйінде өтеді деген ойға келесің. Оның жарнамалары көрші ғимараттан әлде қайда басып озған. 

Лас-Вегастағы бұл кешенде казино және қонақүй бар. Мұнда көптеген бокс әлемінің жұлдыздарын көруге болады. 
 

T-Mobile аренасында жекпе-жектің алдында соңғы дайындықтар жүргізіліп жатыр. Спорттық кешеннің алдын кішкене еден шөткелермен тазалағыш құралдармен жуып жатыр. 

Аренаның ішінде дайындық аяқталған.

T-Mobile аренасының алдында кассалар мүлдем жоқ. Бәлкім бұл билеттердің екі апта ішінде сатылып кетуіне байланысты болуы мүмкін. 

Боксты тамашалуға мейрамханалар мен қонақүйлер де шақырып жатыр. 

Головкина мен "Канелоның" жанкүйерлері салмақ өлшеу рәсімінде көп болуы мүмкін. Алайда қазірден бастап мексикалықты қолдаушылар саны біршама көп екенін аңғаруға болады. 

Мына кәсіпкер Головкин мен Альварестің суреті бар жейдені 10 долларға сатып тұр. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйекте (Астана уақыты бойынша 17 қыркүйекте таңғы уақытта) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Подробнее: http://vesti.kz/profi/240758/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz


© Тұрар Қазанғапов

  Пікір: 0
  0