Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО)жекпе-жек алдында финалдық баспасөз конференциясын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкин промоутерлерге - олар үлкен жұмыс істеді, демеушілер мен ұйымдастырушыларға, олар оны қолдап осы шараны іске асырды, сонымен қатар, HBO PPV телеарнасына алғыс білдірді . "Бұл бокс үшін өте маңызды уақыт. Мен көп сөйлегім келмейді. Мен дайынмын, Альварестің командасын құрметтеймін. Бұл біз үшін маңызды күн! 16 қыркүйекте T-Mobile аренасына қош келдіңіздер, бұл ірі әрі тарихи жекпе-жек. 16 қыркүйекте кездескенше", - деді Головкин.
"Альварес өзін қолдаған барлық адамдарға алғыс білдірді. "Сіздер мені білесіздер: мен көп сөйлей алмаймын. Менің бар айтпағым - мен дайынмын. Жекпе-жектің тым ауыр болатынын білемін, бірақ мен оған дайынмын. Сіздер осы жекпе-жектен ләззат алсын деген тілектемін. Сенбіде кездескенше", - деді Альварес.
Баспасөз конференциясы аяқталғаннан кейін боксшылар көз арбасты.
Еске салайық, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.
Жарнама