auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Альвареспен жекпе-жекте төрешілер шешім шығаратын жағдайға жеткізбеймін - Головкин

Альвареспен жекпе-жекте төрешілер шешім шығаратын жағдайға жеткізбеймін - Головкин
© vk.com/ggolovkin
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) BoxNation басылымына берген сұхбатында 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жектің наурызда америкалық Дэниэл Джейкобспен өткен кездесуге қарағанда өзгеше болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин спорттық мансабында бірінші рет 12 раундтық кездесу өткізді. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. Қазақстандық боксшы "Канеломен" өтетін екпе-жекте мұндай сценарий қайталанбайтынын айтады. Ол Big Drama Show ұйымдастырып, қарсыласын нокаутқа түсіруді жоспарлап отырғанын айтты.

"Джейкобс өте жақсы боксшы. Маған 12 раунд керек болды, себебі мен келесі қарсыласымның мықты боларын білдім. Мен дайынмын. Қазір басқа жағдай. Мен "Канелоны" білемін, ол мені біледі. "Канело" мен Джейкобстың жұдырықтасу тәсілдері мен стильдері бөлек. Барлығы шынайы әрі қызықты", - дейді ол.

Айтуынша, "Канело" бұқа секілді мықты.

"Ол жас әрі ақылды жігіт. Дэниэл басқа санаттың боксшысы болатын. Меніңше, Альварес екеуіміздің жекпе-жегіміз төрешілер шешім шығарғанға дейін жетпейді, себебі біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Оның 100 пайызға дайын екенін білемін, бізді нағыз шайқас күтіп тұр. Жеңімпаз pound-for-pound нұсқасы бойынша бірінші орынды иеленеді. Big Drama Show болады, барлығы осыны қалап отыр. Бұл "Канело" мен Чавес арасында өткен фэйк кездесу емес. Біздікі нағыз жекпе-жек", - деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама