auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Төртінші раундта оңбай нокаутқа түскен "Чоколатито" бокстан кетуге аз қалғанын айтты

Төртінші раундта оңбай нокаутқа түскен "Чоколатито" бокстан кетуге аз қалғанын айтты
Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған никарагуалық Роман "Чоколатито"  Гонсалес (46-2, 38 КО) La Prensa басылымына берген сұхбатында тай боксшысы Висаксил Вангектен оңбай жеңілгеннен кейін бокстан кететіні туралы жариялады, - деп хабарлайды Allboxing.ru.

Таяуда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткен бокс кешінде Роман Гонсалес тай боксшысы Висаксил Вангектен жеңіліп қалды. Никарагуалық боксшы төртінші раундта екі рет құлады, екіншісінде тұруға шамасы болмады. Жекпе-жектен соң Гонсалес ауруханаға жеткізілді.

"Мен спорттық мансабымды аяқтауға жақынмын, - деді Гонсалес. - Мен барлығына қол жеткіздім. Төрт салмақ дәрежесінде чемпион атандым, отбасыммен аз уақыт өткіздім. Менің балаларым әлі кішкентай, сол себепті мен олардың жанында болуым керек. Солар шешім қабылдайды. Егер мен қандайда бір жағдайға тап болсам, олар жалғыз қалады. Мен жеңілгім келмеді. Бұл бокс... Жекпе-жекті көруге келген өз отандастарымның сенімін ақтамадым".

Гонсалес Лос-Анжелес ауруханасында тексерістен өткеннен кейін, аса қауіпті ештеңе жоғын айтты. Ол аса жеңіл салмаққа қайта түсе алмайды екен, шаршы алаңға тек бірінші жеңіл салмақта шыға алады екен.

Никарагуалық өз қарсыласының мықтылығын мойындады. "Ол қзіне қойылған тапсырманы толығымен орындады, оның соққысы жойқын, ары қарай оған табыс тілеймін, - деді Гонсалес.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама