Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Қанат Ислам тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Астанада 25-ші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Отандасымыз «ЭКСПО-2017» аясында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде канадалық боксшы Брэндон Кукты жеңді.
Бірінші раундты канадалық боксшы белсенді бастады. Қанат болса қарсыласының осал тұсын тауып, сәті келгенде соққы жасап қалуға тырысты. Ал екінші раундта дәл соққыларымен қарсыласын бір есеңгіретіп алғандай болды.
Қанат қарсыласының жұдырықтасу мәнерін жетік бақылап, үшінші раунд соңында жойқын соққысымен канадалық боксшыны нокдаунға түсірді. Брэндонды бұл сәтте гонк дауысы ғана құтқарып қалды. Төртінші раундта канадалық тек қорғанумен болды.
Бесінші раундта Қанат қарсыласын кезекті рет нокдаунға түсірді. Бірақ Брэндон жылдам ес жиып үлгерді. Спорттық мансабында алғаш рет өзге елде жұдырықтасып жатқан канадалық сегізінші раундта тағы бір рет тізерледі. Тоғызыншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Қанат техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Брэндон Кук спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.
Айта кетейік, Астанада өткен бокс кешінде қазақ боксшыларының барлығы жеңіске жетті.
Жарнама