Астанада өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде
Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшы
Жильберто Перейра дос Сантоспен жұдырықтасып, 6 раунд қорытындысы бойынша жеңіске жетті.
Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейн жалғасты. Жәнібек жойқын соққыларымен қарсыласын қанша рет қыспаққа алғанмен, 40 жастағы қарсыласы кездесудің соңына дейін шыдай білді.
Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде
Қанат Ислам мен канадалық
Брэндон Кук жұдырықтасады.
Жарнама